2022 жылы 14 - 25 қараша күндері мектебімізде бастауыш сынып онкүндігі өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.
Апталықтың мақсаты: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту».
Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:
- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп басшысы Б.К.Балгинамен бекітілді. Апталықтың іс-шаралары «Ғылымдар шеруі» ретінде өткізілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі бір ашық сабақ, бір іс-шара өткізуге тиісті еді.