Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
2023 жылы мамырдың 4-і күні, сағат 11:00, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Аққулы ауданы, Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі кабинетінде оқушылар және мұғалімдердің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді , аталмыш диктантқа 36 оқушы, 20 мұғалім қатысты. Атқарылған жұмыс инстаграмм және мектеп сайтына жарияланды.
«Ямышев жалпы орта білім беру мектебінде сәуір айының 5-17 аралығында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты жас мамандар апталығы өтті.
Мектебімізде 13 жас маманнан тұратын «Жас мамандар» мектебі М.Г.Жанпеисованың жетекшілік етуімен жұмыс жасайды.
Апталықты өткізудің негізгі мақсаты:
–педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру;
–жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;
–әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;
–өзара-сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.
Апталыққа жас мамандар белсене қатысып 1 ашық сабақ және 1 сыныптан тыс іс-шара өткізді. 17 сәуір күні жас маман апталығында өткізілген ашық сабақтар талқыланып, қорытындысы шығарылып, ұсыныс берілді. Жас мамандардың сабақтары жоғары деңгейде өтті. Кәсіби өсу деңгейін көтеру мақсатында жас мамандарға алғыс хат табысталды. Жас мамандардың кәсіби өсу деңгейін көтеру мақсатында коучингтер мен семинарлар, дөңгелек үстелдер, сайыстар ұйымдастырылды.