Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
1 - ші маусым Балаларды қорғау күніне орай “Достық аралы” мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты өтті.
14
апреля
2023
|
14.04.2023 ж. білім бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес Аққулы ауылындағы Мәдениет үйінде мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХIІІ «Бүлдіршін» аудандық фестивалі өткізілді. Фестивальға – 4 балабақша мен 19 мектеп жанындағы шағын орталықтары мен даярлық сынып бүлдіршіндері қатысты. Байқау 4 жанр бойынша өткізілді: вокал, оркестр, көркем сөз, және хореография. Хореография жанры бойынша Ямышев ЖОББМ мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері жүлделі 1-орынды иеленді.
2023 жылы мамырдың 4-і күні, сағат 11:00, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Аққулы ауданы, Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі кабинетінде оқушылар және мұғалімдердің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді , аталмыш диктантқа 36 оқушы, 20 мұғалім қатысты. Атқарылған жұмыс инстаграмм және мектеп сайтына жарияланды.
11
апреля
2023
|
М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында “Мамандықтар әлемін ашамыз” облыстық форумы өткізілді. “Менің кәсібім - менің бизнесім ” номинациясы бойынша Ямышев ОМ- нің 9-сынып оқушысы оқушысы Ховалко Арина 2-ші орынға ие болды. Жетекшісі: Гулоева А. И.
“Мамандық бейнесі” номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Каирбеков Даниял 2- ші орынды иеленді. Жетекшісі: Салимов Т. А.
Құттықтаймыз!
«Ямышев жалпы орта білім беру мектебінде сәуір айының 5-17 аралығында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты жас мамандар апталығы өтті.
Мектебімізде 13 жас маманнан тұратын «Жас мамандар» мектебі М.Г.Жанпеисованың жетекшілік етуімен жұмыс жасайды.
Апталықты өткізудің негізгі мақсаты:
–педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру;
–жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;
–әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;
–өзара-сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.
Апталыққа жас мамандар белсене қатысып 1 ашық сабақ және 1 сыныптан тыс іс-шара өткізді. 17 сәуір күні жас маман апталығында өткізілген ашық сабақтар талқыланып, қорытындысы шығарылып, ұсыныс берілді. Жас мамандардың сабақтары жоғары деңгейде өтті. Кәсіби өсу деңгейін көтеру мақсатында жас мамандарға алғыс хат табысталды. Жас мамандардың кәсіби өсу деңгейін көтеру мақсатында коучингтер мен семинарлар, дөңгелек үстелдер, сайыстар ұйымдастырылды.
24
июля
2018
|
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Etiam mauris ipsum, commodo nec mi eu, iaculis consequat ipsum. Ut interdum rutrum luctus. Donec facilisis sem ut diam dapibus porta. Nunc enim elit, congue eget tincidunt non, tempor ac lorem. Praesent viverra, nisi sed venenatis cursus, massa ligula ultricies mauris, in ornare erat lorem vel ante. Vivamus varius imperdiet arcu sit amet sagittis. Quisque massa est, convallis ac arcu eget, placerat volutpat elit. Sed vehicula consectetur metus vel tincidunt. Proin et pulvinar ipsum, condimentum tincidunt metus. Cras interdum auctor congue. Etiam dui mi, mollis in venenatis vel, posuere id elit. Suspendisse sapien nibh, ultrices vel vestibulum quis, laoreet eu turpis. In hac habitasse platea dictumst.